Қазақстанда 29 су қоймасының құрылысы жүргізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 29 су қоймасының құрылысы жүргізіледі

Қазақстанда 29 су қоймасының құрылысы жүргізіледі

Қазақстан өңірлерінде 29 су қоймасы салынады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров мәлім етті.

  • 4 Маусым 2014
  • 579
Фото - Caravan.kz

«Климатологтардың болжамын ескере отырып, облыстар тұрғысында 2014-2016 жылдары су қоймаларының торабтарын қайта құру мен толық жөндеудің жоспары әзірленді. Сондай-ақ жаңа су шаруашылығы нысандарының құрылысы үшін жобалық құжаттаманы даярлау шаралары атқарылды. Жоспарда 29 су қоймасын құру қарастырылған», — деді министр.

Белгілі болғандай, аталған жоспар аясында 2 мың 700 шақырымнан астам магистральді және үлестіргіш каналдарды қайта жаңғырту, күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары жүзеге асырылмақ.