АҚШ мемлекеттік департаменті Сирияда өткен президенттік сайлауды "ұят нәрсе" деп бағалауда - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ мемлекеттік департаменті Сирияда өткен президенттік сайлауды "ұят нәрсе" деп бағалауда

АҚШ мемлекеттік департаменті Сирияда өткен президенттік сайлауды "ұят нәрсе" деп бағалауда

Вашингтон елде қарулы қақтығыстар болып жатқан кезде Сирияда президентік сайлаудың өткізілуін ұят нәрсе деп бағалап отыр, деп мәлімдеді АҚШ мемлекеттік департаментінен.

  • 4 Маусым 2014
  • 448
Фото - Caravan.kz

"Сирияда өткен президенттік сайлау ұят нәрсе. Ол Асадқа деген сенім деңгейін жоғарылатқан жоқ", деді Вашингтонда мемлекеттік департамент өкілі Мари Харф баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, сейсенбіде өткен сайлауда "миллиондаған сириялық азамат дауыс беруден әдейі шеттетілді".

Сирияда сейсенбіде жаңа президент сайлауы өтті. Дауыс беру шарасы үкімет әскерлері мен қарулы оппозиционерлер арасында қақтығыстар тоқтамай отырған кезде болды.

Жеті жылдық президенттік мерзімге үміткерлер арасында қазіргі президент Башар Асад, парламент депутаты Махер Абдул Хафиз Хаджар және экс-министр Хасан Абдалла ан-Нури бар.


Дауыс беру нәтижелері сәрсенбіде кешке жария етілмек.