АҚШ-та жойқын дауыл соғып ірі бұршақ жауды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ-та жойқын дауыл соғып ірі бұршақ жауды

АҚШ-та жойқын дауыл соғып ірі бұршақ жауды

Бұршақтың үлкендігі теннистің добындай. Алдын ала ақпарат бойынша, кемінде 10 адам жарақаттанып,  бір тұрғын ауыр халде ауруханаға жеткізілген.

  • 5 Маусым 2014
  • 263
Фото - Caravan.kz


Жауын астында қалған автокөліктерді айтпағанда, тұрғын үйлерге де айтарлықтай залал келтірілді. Бұршақ ғимараттардың қабырғалары мен шатырын тесіп өткен. Ауыл шаруашылығымен айналысатындардың еңбегі еш болды. 12 мың адам электр жарығынсыз қалды. Табиғаттың осындай тосын сыйынан Небраска, Айова және Вайоминг штаттары зардап шекті. Метеорологтардың таратқан ақпараты бойынша желдің жылдамдығы сағатына 145 шақырымнан асқан. Көлік қатынасы уақытша тоқтатылып, 30-дан астам рейс кейінге шегерілді.