Уылдырық шашатын кезде Зайсанда браконьерлер көбейді - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Уылдырық шашатын кезде Зайсанда  браконьерлер көбейді

Уылдырық шашатын кезде Зайсанда браконьерлер көбейді

Шығыс Қазақстандаға табиғат қаскөйлері қазір балық аулауға тыйым салынған маусым екеніне қарамастан қармақтарын жияр емес. Кезекті рейдке шыққан инспекторлар Зайсан көлінде тапа-тал түсте ау салып жүргендердің үстінен түсті. 

  • 5 Маусым 2014
  • 222
Фото - Caravan.kz


Уылдырық шашылатын кезде балық аулауға тыйым салынатынын біле тұра заңды белден басқан бұл азаматтар көлге "жақын жатқан ауылданбыз" деп ақталды. Күнкөріс қамымен балыққа бірінші рет қармақ салыпты. Алайда, жабдықталған қайығы мен жүздеген шақырымға созылған ауларына қарап, олардың мұнда бірнеше күннен бері жүргені көрініп тұр. Ауланған балығы, аулары мен қайықтары тәркіленіп, енді екеуі де әкімшілік жазаға кесіледі. Бір рейдтің өзінде көлден төрт жүзге жуық осындай ау алынып, 180 адамның заң бұзғаны анықталған. Айта кетсек, Зайсан және Бұқтырма өзендерінде «Балық қорғау – 2014» шарасы осы айдың он бесіне дейін созылмақ.