Өскеменде тұрғындар кәсіпкермен қырқысып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде тұрғындар кәсіпкермен қырқысып жатыр

Өскеменде тұрғындар кәсіпкермен қырқысып жатыр

Өскемендегі көпқабатты үйдің тұрғындары жертөле үшін жанжал шығарды. Бірнеше жылдан бері нысанға иелік етіп отырған кәсіпкер үйдің астын жиһаз сақтайтын қоймаға айналдырмақшы екен. Ал ондағы кәріз жүйесі қазір әбден істен шығып, құбырлардан аққан лас су жертөленің ішін жайлап алыпты. Жағымсыз иіс тіпті пәтерлеріне тарап, жұрттың мазасы кеткен. 

  • 5 Маусым 2014
  • 207
Фото - Caravan.kz

Үйдің тұрғындары жертөленің бір кездері біреудің қолына өтіп кеткенін білмей де қалдық дейді. Қожайыны болса оған кіретін есікке қара құлып салып, мүлде меншіктеп алыпты. Мұнда тіпті сантехниктердің кіруі де қиямет-қайымға айналған.

Борис Гречанов, Пәтер иелері кооперативінің төрағасы:

Тоқ жүретін кабельдердің барлығы үзілген, қабырғаларды қиратқан. Қазір тіпті кірпіш кіргізіп жатыр. Сонда ол не істемекші? Онсыз да шұрық тесік кәріз жүйесін мүлдем қирататын болды.

Ал бұған дейін жертөледе болған апаттан тұрғындар әлі ұмытпаған. Сол кезде бүкіл үй бір апта бойы ауыз сусыз қалыпты. Жертөлеге кіре алмай, жарылған құбырды жөндей алмай жанұшырған. Қазір кәріз құбырларынан аққан судан қабырғалары сыз тартып, көгеріп жатыр.


— Иіске тұнышығып отырмыз. Не істерімізді білмейміз

Ал жертөлеге иелік етіп отырған кәсіпкердің өзі бұл жөнінде ләм-мим деп тіл қатпады. Аумақты сатып алған, құжаттарында еш шикілік жоқ, өз иелігін заңды деп санайды. Жұрттың айтуынша, жертөлені ол жиһаз қоймасы ретінде пайдаланбақшы екен. Қабырғалары сөгіліп, сылағы түскен жерді жұрт одан әлі де өздеріне қайтаруды талап етуде. Бірақ кәсіпкер бұған құлақ асар емес. Тұрғындар арыз-шағымдарын прокуратураға да жіберген.