Ақмола облысында жаңа туған шақалақты зиратқа тастап кеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында  жаңа туған шақалақты зиратқа тастап кеткен

Ақмола облысында жаңа туған шақалақты зиратқа тастап кеткен

Ақмола облысында жаңа туған шақалақтың өлі денесі табылды. Нәрестенің мүрдесін Щучье қаласындағы мұсылман зиратына апарып, жақында қайтыс болған адамның бейітінің жанына тастап кетіпті. Сәбидің денесін орап топырақпен көмген. Қазір оның анасын полиция іздестіріп жатыр.

  • 5 Маусым 2014
  • 287
Фото - Caravan.kz

Жақында туысқаны қайтыс болып бейітін бекітуге келген мына азамат қатты шошынып қалыпты. Зиратты жағалай қазып тас орнатпақ болған кезде күрегі жұмсақ нәрсеге тиген. Бірден қолмен қазып қараса, жаңа туған нәрестенің денесі. Орынбай Омаров «шақалақты енді ғана әкеп тастаған сияқты, өйткені денесі бұзылмаған» дейді. Бірақ маңайда адам байқалмаған.

Орынбай Омаров, Щучье қаласының тұрғыны:

-Қолыммен нетіп қалғанда қолын ұстадым. Кішкентай қол енді. Басы, құлағы, қолы, бармақтары бар өзім аштым. Кішкентай баланы осылай көміп кеткен, түсінбеймін.

Нәрестенің денесі туысқанының зиратынан табылғанына қарап ол алғашқыда жақындарының бірінің баласы ма деп күдіктенген екен. Сөйтіп, олардың барлығына хабарласып шыққан. Полиция да тексеріп көрген. Зиратқа өлі шарананы кім әкелгені әзірге белгісіз. Дене қазір сараптамаға жіберілді.


Гүлнар Пинчук, Ақмола облыстық ІІД баспасөз хатшысы:  

-Қазіргі уақытта ішкі істер органдары кешенді тексеріс жүргізіп жатыр. Нәрестені зиратқа кім, қашан әкеп тастағаны анықталуда. Сот-медициналық сараптама да тағайындалды.

Щучье қаласының жанындағы мұсылман зиратына нәрестені кім әкелгендігін күзетшілер де байқамаған. Бейіттері биік салынғандықтан  келіп-кеткен адам тасадан көрінбейді екен.

-Ақмола облысында соңғы кезде баласын туып, далаға лақтырып кететіндер көбейіп кетті. Өткен сәуір айында ғана су құбырын тартып жатқан жұмысшылар сол жерден тағы бір нәрестенің өлі денесін тапқан. Бауыр еті баласын көзі қиып, далаға тастаған безбүйрек әйелдің кім екені  әлі анықталған жоқ.