Астана-Томск бағытында әуе бағдары ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана-Томск бағытында әуе бағдары ашылды

Астана-Томск бағытында әуе бағдары ашылды

SCAT әуе компаниясы Астана-Томск бағытында тұрақты рейс ашты, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметінен.

  • 5 Маусым 2014
  • 305
Фото - Caravan.kz

Бұл бағыттағы алғашқы ұшақ 2 маусымда ұшты.

Әуе компаниясының мәліметінше, рейстер Bombardier CRJ-200 ұшағымен әр дүйсенбі сайын жүзеге асырылады. Елордалық жолаушыларға орта жолдан Алматы, Шымкент және Атырау қалаларының тұрғындары қосыла алады деп атап өтілуде. Ұшу уақыты — 1 сағат 50 минут.

«Томск әуежайы » ЖШҚ директоры Роман Фроленконың атап өтуінше, бұл Қазақстаннан ұшатын алғашқы тұрақты рейс. 

Алғашқы жолаушыларды Томск әужайында салтанатты түрде қарсы алды. Томск облысындағы қазақ автономиясының қоғамдық ұлттық-мәдени ұйымының қолдауымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.