деп хабарлады бизнесті дамыту жөніндегі бас директор Берік Бейсенғалиев.
« Бүгіннің өзінде, оларды жүзеге кезеңінде – 10 мыңнан астам уақытша жұмыс орындары құрылды, бұл 16 жобаны пайдалануға берген кезде, жыл аяғына қарай 9 мыңдай жаңа жұмыс орындары құрылады. 2015-2016 жылдары жалпы құны 23 млрд доллар болатын тағы 40 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланған»,- деді Б.Бейсенғалиев бейсенбі күні Астанада журналистерге.
Ол қордың инвестициялық жобаларының барлық аймақтарда және экономиканың барлық секторларында қамтылғандығына ерекше назар аудартты.
«Мұндай әрбір жоба дербес және ерекше, инвестициялық саясат бұған ерекше мән береді, алайда олардың барлығына қатысты ортақ стандартты талап бар – экономикалық тиімділік және жоба көрсеткіштері. Барлық жобалар ірі әрі жүйеқұраушы жобалар, мұндай инвестициялық жобаларды жүзеге асыру олар жүзеге асырылатын аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер етеді»,- деді Б.Бейсенғалиев.
Мемлекеттік қор өкілі «бүгінде «Самұрық-Қазынаның» инвестициялық қоржынында жалпы құны 146 млрд доллар болатын 163 жоба бар екенін хабарлады.
«Жалпы құны 33 млрд 700 млн доллар болатын 32 жоба мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялы даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Тек бағдарламаның жобалары аясында ғана 70 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылатын болады», деп хабарлады Б.Бейсенғалиев.
Оның айтуынша, 2011-2013 жылдары қолданысқа жалпы құны 4,5 млрд доллар болатын 29 жоба енгізілген және 10 мың жаңа жұмыс орындары ашылған.