Павлодар облысында аудандық және қалалық деңгейдегі әкімдер ауысты - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында аудандық және қалалық деңгейдегі әкімдер ауысты

Павлодар облысында аудандық және қалалық деңгейдегі әкімдер ауысты

Павлодар облысының Ақсу қаласында және облыстың бірқатар аудандарында әкімдер ауысты,

  • 5 Маусым 2014
  • 518
Фото - Caravan.kz

делінген облыстық әкімдіктің бейсенбі күні таратылған баспасөз хабарламасында.

«Президент әкімшілігінің келісімімен және Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаевтың өкімімен Ақсу қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы барысында Ақсу қаласының жаңа әкімі тағайындалды. 44 жасар Қайрат Нүкенов бұған дейін кәсіпкерлік,сауда және туризм басқармасын басқарған» ,-делінген хабарламада.

Сонымен қатар, президент әкімшілігінің келісімімен және аудандық мәслихаттар депутаттарының келісімімен, облыс әкімінің өкімімен Май және Ақтоғай аудандарының жаңа әкімдері тағайындалды.

Май ауданының әкімі болып бұған дейін Ақсу қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған 53 жасар Бегзия Ысқақова , ал Ақтоғай ауданының әкімі болып бұған дейін Ертіс ауданы әкімінің орынбасары болған 50 жасар Серік Батырғожынов тағайындалды.