Үздік ғалымдар анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үздік ғалымдар анықталды

Үздік ғалымдар анықталды

Бүгін Алматыда жас ғалымдар марапатталды. Тұңғыш Президент Қорының ұйымдастыруымен өткен республикалық  «Болашақ ғалымдар» байқауында 20-ға жуық студент жеңімпаз атанды.

  • 6 Маусым 2014
  • 172
Фото - Caravan.kz

Олар қор атынан мақтау қағаздары мен төсбелгілерін алды. Байқауға қатысқан 200-ге жуық студенттің ішінен жүйрік шыққандарды арнайы коммиссия ғылыми жұмыстарына баға беріп анықтаған. Басымдық отандық өндіріске қажетті, маңызды ғылыми жобаларды дайындағандарға беріліпті. Енді үздік шыққан жас ғалымдар алдағы уақытта қордың қолдауына ие болмақ.

Дмитрий Корулькин, Тұңғыш Президент Қоры Үйлестіру кеңесі директорының орынбасары:



-Енді жеңімпаздарға үлкен мүмкіндіктер беріледі. Оларды білімін шыңдай түсуі үшін ғылыми орталықтарға апарып, түрлі конференцияларға қатыстырамыз. Жеңімпаздар өздерінің осы жетістіктерін арттыра түсуі керек. Ол үшін, керек болса, ғылыми гранттар да бөлеміз.