Семейде жатақхана тұрғындары шу шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде жатақхана тұрғындары шу шығарды

Семейде жатақхана тұрғындары шу шығарды

Семейде тағы бір жатақхана тұрғындары мемлекеттік бағдарлама аясындағы жөндеудің сапасыз жүргізілгенін айтып, наразылық білдірді. 200-ден астам отбасы пана еткен ғимарат терможаңғырту жобасы шеңберінде 18 млн теңгеге жөнделген болатын. Алайда жұмыс 3 жылдан бері әлі аяқталар емес. Ал жөнделген шатыры мен дәлізі қазірден сыр бере бастады. Жөндеу жүргізген мердігер мекеме өкілдері бітпеген жұмысты қабылдауға мәжбүрлеп жүрген көрінеді.

  • 6 Маусым 2014
  • 274
Фото - Caravan.kz

Семейдегі бес қабатты жатақхананың ішіне кіріп, жөндеу жүргізілді деп айту қиын. Еденге төселуі тиіс кафель тек біраз жерге ғана жеткен. Ал шатырдан су сорғалап, тұрғындарды әбден састырған. Жанын шүберекке түйген жұрт бөлінген қаржыны жауаптылар талан-таражға салды деп күдіктеніп отыр.

Дәулет Мұхаметов, жатақхана тұрғыны:

-«Бір терезеге 57 мың теңге деген масқара емес пе?! Мұндағы халық бай болса, күніне 50 мың ақша тапсақ, төлей салушы едік! Ақша қалтада бірақ кімнің қалтасында мен білмеймін! Білсем, өзім барып алып берер едім мына халыққа»

Бес қабатты ғимараттың шатыры мен дәлізін жөндеуге 18 млн теңге жұмсалған. Алайда, жұрт жүргізілген жұмыс сапасыз екенін айтуда. Жел соқса, шатыр ұшып кете ме деп алаңдап отыр. Бұл аздай, жөндеуден кейін пәтерлерді қолаңса иіс жайлап кеткен.


Күләш Сүбебаева, жатақхана тұрғыны

-«Жабық қой енді төбенің бәрі. Шатырдың іші кеппейді. Иіс содан шығады. Бүкіл елге барады!»

 -Кезінде жатақхана болған бұл ғимаратта 200-ден астам отбасы тұрады. Барлығы мемлекеттік бағдарлама шеңберіндегі жөндеуге келіскендеріне өкініп қалған. Енді сапасыз жұмысқа бір тиын да төлемейміз деп отыр.

Жергілікті тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мамандары бұл ретте тек кеңес бере аламыз. Келісімшартқа біздің қатысымыз жоқ деп отыр. Жөндеу жұмыстары осыдан екі жыл бұрын аяқталуы тиіс еді. Енді уақытты созған мердігерді сот арқылы жауапқа тарту керек екен.