Қожахмет Баймаханов, Сенат депутаты:
— Ыңғайсыз жерлерде Қазақстанныңтуы тұрғанына мен қатты ашынып мейрамхана бастығын шақырдым. Не істеп жатырсың сен деп?. Мен жауап бермеймін дейді. Кім жауап береді оған десем, той иесі дейді. Сізге сұрағым: сонда сіздерде қаралған ба, міне, осындай осындай болу керек, былай болмау керек деп?
Тудың қадірі тізеден төмен түскеніне ашуланған сенатор бүгін Әділет министрі Берік Имашевқа шүйлікті. Қазақшаға шорқақтау министр қазақша қойылған сауалды түсінбей әбден састы. Абдырап қалған шенеунікке сұрақты Сенат төрағасы Қасымжомарт Тоқаев орысшаға аударып беруге мәжбүр болды. Әділет министрі болса, заңда байрақ бейнеленген іш киім киетіндерді жазалайтын бап жоқ деп ақталды. Ал депутаттар сондай баптың енгізілуін талап етті. Өйткені қазақтың қастерлі рәмізі – көк ту жапсырылған ерлердің іш киімі базарларда еркін сатылып жатыр. Тіпті оны әлемдік додаларда ел намысын қорғап жүрген спортшылар да киіп алған.