Бірақ кодекс қабылданғанға дейін біраз шу тудырды. Өйткені алғашында құжатты қызғыштай қорыған Ішкі Істер министрлігі сотталушыларға қатысты қатаң талап енгізген-ді. Атап айтқанда, жазасын өтеушілерге үйінен сәлемдеме алуға, сақал өсіруге, тіпті жақындарымен кездесуге шектеу қоюды сұраған болатын. Алайда, шулы ұсыныс мәжілісте-ақ қолдау таппаған еді. Ал сенаттың «батасын» алған жаңа қалмыстық атқару кодексі бойынша сотталғандарды бірнеше адамдық барақта емес, жеке камераларға отырғызу қарастырылған. Бұл үшін Қарағандыда жаңа түрме салынбақ.