1 жарым жыл ішінде бюджеттен 300 миллиард теңге ұрланған - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
1 жарым жыл ішінде бюджеттен 300 миллиард теңге ұрланған

1 жарым жыл ішінде бюджеттен 300 миллиард теңге ұрланған

Ел бюджетінен ұрланған қаржының көлемі рекордтық көрсеткішке жетті. Қазынаға қол сұққан шенеуніктер 300 миллиард  теңгені қымқырып қалталарына басқан.

  • 6 Маусым 2014
  • 248
Фото - Caravan.kz

Қолды болған қыруар қаржы бір жарым жылдың ішінде ұрланыпты.  Қаржы полициясы 300-ден астам ірі  шенеунікке қатысты 10 мыңнан астам  қылмыстық іс қозғаған. Олардың арасында атышулы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Мүсілім Өміраев, жуырда ғана 12 жылға сотталып кеткен «ҚазҒарышСарапы» ұлттық компаниясының президенті Ғабдулатиф Мырзақұлов, қазір іздеуде жүрген Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев, «Қазатомпром» және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компанияларының топ-менеджерлері бар. Анықталғандай атқамінерлер қызмет бабын асыра пайдаланып қылмыстық топ құрып оған жетекшілік еткен. Сондай-ақ, бүгін қаржы полицейлері қазынадан ұрланған  ақша ғана емес, өздерінің қанша көлемде жалақы алатыны туралы да айтты.


Марат Ахметжанов, Экономикалық қылмыс  және сыбайлас  жемқорлықпен күрес агенттігі төрағасының орынбасары:

-Аймақтардағы  бөлімшелерде  жұмыс істейтін қаржы полицейінің орташа жалақысы — 155 мың теңге. Бұған қоса қызметкердің жедел әрі тергеу жұмыстарын жүргізуіне байланысты арнайы үстемақылар да бар. Ал, аппараттағы басшылық құрамның   орташа жалақысы  — 215 мың теңге.