Астанада 51 жастағы әйел құлаған кранның астында жаншылып өлді - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада 51 жастағы әйел құлаған кранның астында жаншылып өлді

Астанада 51 жастағы әйел құлаған кранның астында жаншылып өлді

Астанадағы құрылыс алаңында тағы да адам өлімі болды. Бұл жолы Қытайда құрастырылған биік кран құлап, соның тізгінінде отырған   51 жастағы әйел көз жұмды. Марқұм бірнеше тонналық ауыр техниканың астында жаншылып қалған.

  • 6 Маусым 2014
  • 261
Фото - Caravan.kz

Қайғылы  оқиға Есілдің сол жағалауында салынып жатқан осы  элиталық тұрғын үй кешенінде болды. Биіктен құлаған кран ортасынан  қақ бөлініпті. Қирандылары сол күйі шашылып жатыр. Оқыс жәйттен кейін құрылыс    уақытша тоқтатылған. Жалпы, құрылысы қарқын алған Елордада мұндай оқиғалар жиі болады. Жуырда жаңадан бой көтеріп жатқан «Көркем» тұрғын үй кешенінде  салмағы ауыр темір құрастырма құлап 18 жұмысшыны басып қалған еді. Жарты жылдың ішінде Астанадағы құрылыс алаңдарында 15 адам қаза тапқан.  Оның көбі облыстардан бас қалаға жұмыс іздеп келгендер. Ал,  бүгінгі   «Алтын шар» тұрғын үй кешеніндегі қайғылы оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылды. Қазір қаза тапқан әйелдің кім екені анықталып жатыр.


Ермек Оспанов, Астана қаласы Еңбек инспекциясы басқармасының бастығы:

—  Краншыныңқұжаттарын көтеріп жатырмыз. «Шар құрылыспен» қай күннен бастап жұмыс істегенін, бала-шағасы бар ма соның бәрін анықтаймыз. Сосын құжаттарды ІІД жолдаймыз.