Бөлім бастығы ақшаны көлік ішінде алып жатып қаржы полицейлерінің құрығына түскен. Бұған дейін тепсе темір үзетін денсаулығы бар сарбаздарды отан қорғауға өз қолымен аттандырып жүрген аға лейтенант міндетін өтегісі келмеген бозбаланы әскерден алып қалуға уәде беріп, ол қызметі үшін 350 мың теңге сұраған. Енді қалта қамын күйттеп кеткен бөлімше бастығына қылмыстық іс қозғалды.