NCOC концерніне Қашағандағы апатқа байланысты салынған айыппұл - заңды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
NCOC концерніне Қашағандағы апатқа байланысты салынған айыппұл - заңды

NCOC концерніне Қашағандағы апатқа байланысты салынған айыппұл - заңды

Атырау облыстық соты аудан аралық экономикалық соттың Қашағандағы апат үшін North Caspian Operating Company (NCOC) және Agip KCO компанияларына айыппұл салу туралы шешімін өзгеріссіз қалдырды.

  • 6 Маусым 2014
  • 335
Фото - Caravan.kz

Облыстық сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, сот жұма күнгі отырыста осындай шешім қабылдаған.

Сонымен, компаниялардың экономикалық сот шешіміне қатысты үкіміне қатысты жазған аппеляциялық шағымы қанағаттандырылған жоқ.

Осыдан біраз бұрын Атырау облысының аудан аралық мамандандырылған экономикалық сотында NCOC және Agip компанияларының экология департаментінің қоршаған ортаға келтірілген шығынды өтеу туралы өьтінішіне қатысты шағымын қарап шыққан болатын. Сот компаниялардың талабын аяқсыз қалдырды.

Сот шешімі бойынша компаниялардың әр қайсысы Қашаған кенішіндегі апат үшін 134,2 млрд теңге айыппұл төлеуі тиіс.