Петропавл тұрғыны құрттаған тауық сатып алған - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавл тұрғыны құрттаған тауық сатып алған

Петропавл тұрғыны құрттаған тауық сатып алған

Петропавлдық Евгений Садовой 4 маусымда облыс орталығының ірі супермаркеттерінің бірінен қуырылған тауығын сатып алған. Алайда кейін еттің құрттағанын байқаған.  

  • 6 Маусым 2014
  • 554
Фото - Caravan.kz


«4 маусымда жұмыстан шыққан соң кешкі асқа «Көктөбе» сауда үйінен гриль тауығын сатып алдым. Ол құрттап кеткен екен. Тауықты сатушыларға қайтардым, алайда олар кешірім сұрамады. Әкімші болмады, маған айтқандай ол тағы екі күн жұмысқа келмейді екен», — деді Евгений Садовой.

Жапа шегуші ұсынған фотосуретте тағамның асқа жарамсыздығы анық көрініп тұр. Құрттарды ол қызыл қаламмен белгілеп қойған.

Айта кету керек, агенттігіміздің тілшісі де «Көктөбе» сауда үйіне хабарласып көрді. Супермаркет қызметкерлері оған: «Әкімшіміз пен басшылығымыз жоқ. Олар дүйсенбіге дейін жұмысқа келмейді»,- деп жауап қатты.

гриль 

гриль 

гриль