5 маусым күнгі ҰБТ-да түлектердің ешқайсысы 125 балл жинай алмады - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
5 маусым күнгі ҰБТ-да түлектердің ешқайсысы 125 балл жинай алмады

5 маусым күнгі ҰБТ-да түлектердің ешқайсысы 125 балл жинай алмады

Ағымдағы жылдың 5 маусымда тест тапсыруға 9 346 түлек қатысты.

  • 6 Маусым 2014
  • 405
Фото - Caravan.kz

Тест 32 пункт базасында тапсырылды. Тест тапсырушылардан 2 938 ұялы телефон, 2 574 шпаргалка, 187 калькулятор, 16 фотоаппарат, 7 рация, 2 флешка, 1 қол сканері алынды.

Төртінші күннің қорытындысы бойынша, ең жоғары 125 баллды жинаған түлек болған жоқ.

Ал 1 404 (15%) бітіруші 100-ден астам балл жинаған. Салыстыра кетсек, 2013 жылы мұндай нәтижеге 1 389 (13,4%) түлек қол жеткізген болатын.

Орта есеппен алғанда төртінші күнгі ҰБТ баллы 78,2-ні құраған (2013 жылы — 74,7 балл).


Ең төменгі көрсеткіш — 50 баллды 1 888 (20,2%) түлек жинай алмаған. 2013 жылы бұл көрсеткіш 3 074 (29,8%) болған, деп хабарлайды ҚР БҒМ баспасөз қызметінен.