Қуат Хамитов Қытайда кезекті жекпе-жегін өткізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қуат Хамитов  Қытайда кезекті жекпе-жегін өткізеді

Қуат Хамитов Қытайда кезекті жекпе-жегін өткізеді

Ресейлік тенисші Мария Шарапова мен румыниялық Симоне Халеп Франция ашық чемпионатының финалына шықты. Жартылай финалда канадалық Эжени Бушармен кездескен Шарапова 2 жарым сағатқа созылған үш сеттік бәсекеде жеңіске жетті.

  • 7 Маусым 2014
  • 250
Фото - Caravan.kz

Бірінші партияда канадалық тенисшінің мерейі үстем болған. Тай-брейкке ұласқан екінші сетте де Эжени Бушар 27 жастағы Шараповаға лайықты қарсылық көрсетті. Бірақ тәжірибелі қарсыласына есе жіберді. Шешуші партияда 6:2 есебімен жеңіске жеткен Мария Шарапова енді финалда Симоне Халепке қарсы ойнайды. Ол өз кезегінде екі сетте германиялық Андреа Петковичті жеңген болатын. Мұндағы есеп 6:2, 7:6. 

Ұлттық баскетбол қауымдастығында финалдық серияның алғашқы матчы аяқталды. Өз алаңында “Майами Хитты” қабылдаған “Сан-Антонио” 110:95 есебімен жеңіске жетті.

Алаң қожайындары сапында ең нәтижелі ойын көрсеткен Тим Данкан. Оның еншісінде 21 ұпай. Сондай-ақ Тони Паркер мен Ману Жинобили де бұл кеште өз командасының жеңісіне елеулі үлес қосты. “Майами” сапында ең нәтижелі ойыншы Лейброн Джеймс болды. Ол бұл матчта 25 ұпай жинады. Қарымта бәсеке де 8 маусымда “Сан-Антониода” өтпек. Төрт жеңіске дейін жалғасатын серияда әзірге “Сан-Антонио” баскетболшылары 1:0 есебімен алға шықты.     


«Алаш Прайд» спорт клубының сарбазы Қуат Хамитов  Қытайға аттанды. «Найман» деген лақап атпен танылған жерлесіміз ертең аспанасты еліндегі проумотерлік компания  аясында өзінің үшінші жекпе-жегін өткізеді.

Осымен он үшінші рет өткізілетін турнирде Қуат Хамитов қытайлық файтер Чжу Цинсиенмен сынға түседі. Қарсыласы аталмыш ұйымның беткеұстар мықтыларының бірі. Сегізбұрышты темірторда  8 кездесу өткізген қытайлық, тек екі  бәсекеде   жеңіліс тапқан.  Біздің Қуат үшін алдағы матч қытайдың RUFF ұйымы аясындағы үшінші сынақ болмақ. Бұған дейін «Найман» төрешілер шешімімен моңғол Амартувшинді және қытайлық файтер Ву Хаотянды нокуатпен ұтқан.