Алматыда дәрігерлер би биледі - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда дәрігерлер би биледі

Алматыда дәрігерлер би биледі

Алматылық дәрігерлер төл мерекелері қарсаңында флеш-моб ұйымдастырды. Оған 300-ден астам ақхалаттылар қатысып бой сергітті.

  • 7 Маусым 2014
  • 252
Фото - Caravan.kz


Таңмен таласа тұрып жаттығу жасағандар қатарында қалалық аурухананың бас дәрігерлері мен жас қызметкерлері, сондай-ақ медицина университетінің студенттері де бар. Ақ халаттылар осындай іс-әрекеті арқылы алматылықтарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Бір сағатқа созылған жаттығудан кейін дәрігерлер күнделікті жұмысына кірісті. Айта кетейік, елімізде медицина қызметкерлерінің күні маусымның үшінші жексенбісінде аталып өтеді.