Оралда өртеніп жатқан пәтерден 5 жасар бала құтқарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда өртеніп жатқан пәтерден 5 жасар бала құтқарылды

Оралда өртеніп жатқан пәтерден 5 жасар бала құтқарылды

Оралда кафеге келгендер жақын маңда өртеніп жатқан пәтердегі 5 жасар баланы құтқарып қалды. Бүлдіршінді іле-шала жедел жәрдеммен ауруханаға алып кеткен.  

  • 7 Маусым 2014
  • 209
Фото - Caravan.kz


Түске таман бес қабатты үйлердің бірінен өрт шығып санаулы секундта бөлменің іші түгел отқа оранған. Қызыл жалын кейін іргелес пәтерлерді шарпыған. Өрттің ең алдымен балконда тұтанғанын көршілері көріпті.  Бүлдіршін бұл кезде үйде жалғыз отырған. Оның шырылдаған дауысын естіген екі жігіт есікті бұзып кіріп баланы сыртқа алып шығыпты.  Кешікпей  анасы да келіп жеткен. Ол пәтерақыны төлеу үшін аз уақытқа тысқа шыққан екен.