Мұнайға бай ауылдың тауқіметі - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұнайға бай ауылдың тауқіметі

Мұнайға бай ауылдың тауқіметі

Мұнайлы аймақтың тұрғындары ауыз суды әлі алыстан тасып ішеді. Бүкіл қазақ қарамайының отаны саналатын Атырау облысындағы Доссор кентінің тұрғындары 5 жылдан бері жарықтың орнына май шам жағып, ауыз суға жарымай келеді. 

  • 7 Маусым 2014
  • 248
Фото - Caravan.kz

Доссор кентіндегі «Болашақ» ықшамауданының тұрғындары осылай деп ашуға булығып отыр. Әкімдік 5 жыл бұрын көпшілікке оңды-солды жер үлестіріп, 2 жылда үй салып алмасаңдар, қайтып аламыз деген. Әрең дегенде қол жеткізген учаскеден айырылмас үшін көпшілік несиеге ақша алып жаппай үй салып тастапты. Бірақ, көбі жаңа үйлерінде емес, жалдамалы пәтерлерде тұрып жатыр. Ал жағдайы жоқтар өлместің күйін кешуде.

Қарлығаш Есетова, Доссор кентінің тұрғыны:

— Жарық, газ жоқ. Қыстай бір бөлмеде отырып от жағып шықтық. Мотормен күнлеттік. Ол бензин шақ келтірмейді. Әркімнің шарбағынан ағаш ұрлап отын қыламыз. Қайтеміз енді?

Келген әкімдердің барлығы жағдайды түзеуге уәде берген. Бірақ, ешқайсысы сөзінде тұрмапты.

Бақыбай Шағыров, Доссор кентінің тұрғыны:

— 
Әкімдер бәрі ауысып-ауысып кетеді аяғын таба алмай қаласың.Нәтиже шықпайды әкімнен. 5 жылдан бері алдаумен келе жатыр.

Ал әкімнің орынтағына жайғасқанына 10 күн болған кент басшысы күзге дейін барлық мәселені шешем деп уәдені үйіп-төкті. Бірақ жұрттың су мен газ, жарық жоқ деп айқайға басуын ақылға сыйымсыз деп отыр.

Жарылғасын Ысмағұлов, Доссор кентінің әкімі:

— Бүйтіп мазалауы кішкене нелеу. Әр нәрсенің орны бар, шыдамдылық керек.

Бастарында жаңа баспанасы бола тұра, пәтер жалдап жүргендердің  үйлері тоналып жатыр екен. Көпшілігі есік-терезесі ұрланып, оны қайта жасатқан. Сөйтіп, доссорлықтар несиеге салынған баспананың қызығын көре алмай отыр.