Тахир Балықбаев, Білім және ғылым вице-министрі:
—Ата-аналар қазір прокуратураға өтініш жазды. Прокуратура тексерсін. Біздің нақты дерегіміз бойынша жаңағыдай балаларды шешіндірген ақпарат болған жоқ. Прокуратура шешім шығарған соң сіздерге айтамыз.
Басталғанына 4 тәуліктен асқан тестілеу біраз оқушының жоғарғы оқу орнына түсем деген үмітін үзді. Себебі 18 мыңнан астам түлек ең төменгі 50 балды да жинай алмаған. Енді олар үшін университеттердің есігі мүлдем жабық. Онымен келіспегендер аппелляциялық комиссияларды жағалап жүр. Айта кетерлігі, оқушылар тест кітапшасындағы 350 тапсырманың 51-і қате екенін дәлелдеп берген. Сөйтіп қосымша ұпай алып жатқандары да бар. Бірақ Білім министрлігі сынақта «негізсіз сауалдар болған жоқ», көбісі «техникалық қате» деп отыр. Ал комиссия мүшелері оқушылар аудитория ұялы телефон, шпаргалка алып кірулерін қояр емес дейді.