Алматы облысында полицей көлігімен адам қағып өлтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында  полицей  көлігімен адам  қағып өлтірді

Алматы облысында полицей көлігімен адам қағып өлтірді

Алматы облысында жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан қызды көлік қағып, бойжеткен тіл тартпай кетті. Алматы-Өскемен тас жолындағы Заречный елді мекенінің тұсында «SsangYong» көлігі жаяу жүргіншіні кеш байқап қалып, соққан екен. Көлік ішінде болғандардың бірі кінәні бірден мойындапты. Бірақ марқұмның туыстары машинадан полковниктің формасын тапса, өзге полицейлер барлығын жылы жабуға тырысқан.

  • 7 Маусым 2014
  • 322
Фото - Caravan.kz

Алматы-Өскемен тас жолының 63-ші шақырымында түнде жол талғамайтын көлік жас қызды қағып өлтірді. Жүргіншілер жолағы мен жол жиегінде аялдама болғанына қарамастан жүргізуші бойжеткенді байқамай қалған сыңайлы.

Қапшағайдағы мейрамханалардың бірінде жұмыс істейтін 22 жастағы Әйгерімді туыстары қарсы алмақ болған екен. Бірақ қанға оранған өлі денесін ғана көрді. Ал көлік ішінде болғандар ізін суытуға әрекет жасаса, полицейлер оларға көмек көрсеткен сыңайлы.

–  Қаққанын мойындады. Ішіп алған. Аузынан иісі мүңкіп тұрды. Оны екі полицей көлікке отырғызып алып кетті. Сосын машинаның номерін шешті де жоқ болып кетті.

Тәртіп сақшылары темір тұлпарды алып кетіп, кейін сараптама жұмыстарын жүргізбек болған. Бірақ қайғы жұтқан отбасы қарсылық танытып, криминалистердің оқиға орнына келуін талап етті. Тараптар ұзақ таластан соң, бір келісімге келіп, таңға дейін көлікті күзетумен болған.

Әлия Құлшанова, марқұмның әпкесі:

 –  Көлік нөмірін орындықтың астына тығып тастапты. Қан-қан.

Кейін апатқа ұшыраған көлік Алматы облыстық ІІД-не тиесілі екендігі анықталды. Онда осы департаменттегі басшылардың бірі мен полиция сержанты отырыпты. Аяқ астынан көз жұмған Әйгерімнің артында 3 жасар қызы қалды. Ал полицейлердің ресми ақпараты куәгерлердің сөзіне қарсы боп тұр.


Көбейхан Нұрахмет, Алматы облыстық ІІД баспасөз хатшысы:

– Тиісті сараптамалар тағайындау мен қылмыстық іс өндірісі қозғалған. Көлік жүргізушісі Алматы облыстық ІІД полиция сержанты Жырғалов спирттік ішімдік ішпегені анықталып отыр. Қазір ол қамауға алынған.

— Марқұмның денесі әлі туыстарына тапсырылмай, сот-медициналық сараптама жасалуда. Ал алдын-ала болжам бойынша темір тұлпар тізгінінде болған сержантпен бірге оқиға куәгерлері де полиция бөліміне жеткізіліп, олардан жауап алынуда. Алдағы уақытта осы түсініктермен қатар көлік ішінде орналастырылған видеорегистратор жазбасы жіті тексерілмек. Содан соң қайғылы аяқталған оқиғаның нақты себепкері анықталады.