Рахат Әлиев ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Рахат Әлиев ұсталды

Рахат Әлиев ұсталды

7 жылдан бері қашқында жүрген  Рахат Әлиев ақыры ұсталды.  Елімізде адам ұрлағаны және өлтіргені үшін  сырттай сотталған экс –елшінің қолына Вена әуежайында кісен салыныпты.

  • 7 Маусым 2014
  • 405
Фото - Caravan.kz


Рахат Әлиевтің тұтқындалғанын еліміздің Бас прокуратурасы ресми түрде растады. Ал Австриядағы экс-елшінің адвокаты Әлиевтің полицияға өз еркімен берілгенін және тергеуге көмектісі келетінін хабарлады. Кезінде лауазымды  қызметтер атқарған шенеунік  «Нұрбанк» топ-менеджерлері Жолдас Темірәлиевтің, Айбар Хасеновтің өліміне айыпты деп танылып  сыбайласы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Әлнұр Мұсаевпен бірге  40 жылға сырттай сотталған еді. Сондай-ақ, «қылмыстық топ құрды», «мемлекеттік төңкеріс жасауға тырысты», «сатқындық жасады» деген айыптар тағылғаны тағы бар. Кейін Әлиевтің  саясаткер Алтынбек Сәрсенбаев пен оның оққағары  және жүргізушісін де өлтіруге тапсырыс бергені мәлім болды.