Малайзиялық жоғалған ұшақ жолаушыларының туыстары мәлімет үшін 3 млн. доллар сыйақы тағайындады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Малайзиялық жоғалған ұшақ жолаушыларының туыстары мәлімет үшін 3 млн. доллар сыйақы тағайындады

Малайзиялық жоғалған ұшақ жолаушыларының туыстары мәлімет үшін 3 млн. доллар сыйақы тағайындады

Малайзиялық Boeing 777-200 жолаушыларының отбасылары ұшақтың қайда екені туралы ақпаратты жеткізген жанға 3 млн. доллар көлемінде сыйақы бермек, деп хабарлады Росбалт.

  • 8 Маусым 2014
  • 373
Фото - Caravan.kz


Indiegogo сайтында АҚШ, Жаңа Зеландия, Франция және Үндістан жолаушыларының туысқандары ұшақтың жоғалғаны туралы маңызды ақпарат бергендерге сыйақы беру үшін қаражат жинау науқанын іске қосты. Ең аз жарна 5 долларды құрайды.

Бұл ретте акцияға Қытай мен Малайзия азаматтарының туыстары қатыспайды.

Бұдан басқа, 2 млн. доллар сыйақы тергеудің жаңа нұсқасын пысықтаған жеке детективтерге беріледі.

Жоғалған жолаушылардың туыстарының пікірінше, билік «осы уақытқа дейін лайнер туралы еш ақпарат таппадық» деп іздестіру операциясының барысы туралы ақпаратты бүгіп отыр.