«6 маусымда РФ СІМ Украина СІМ-інің ағымдағы жылғы 5 маусымдағы нотасын алды. Онда себебі түсіндірілместен украиндық тараптың Украина мен Ресей Федерациясы арасындағы мемлекеттік шекара арқылы қозғалысқа шектеу қойылатындығы айтылған», — делінген хабарламада.
Ресей Сыртқы істер министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, Украинаның Донецк пен Луганск облыстары мен Ресейдің Ростов облыстары арасында орналасқан Мариновка — Куйбышево, Должанский — Новошахтинск, Червонопартизанск — Гуково, Красная Могила — Гуково, Новоборовцы — Алексеево-Тузловка, Краснодарский — Донецк, Краснодарский — Нижний Швырев, Северный — Донецк өткізу бекеттері жабылған.