Семей кәсіпкерлері сүт іркітін шығармақ - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семей кәсіпкерлері сүт іркітін шығармақ

Семей кәсіпкерлері сүт іркітін шығармақ

Семейдің жас кәсіпкерлері енді 2 күн ішінде өздерінің бизнес-идеяларын қалай жүзеге асыруды біледі. Қалада «Атамекен Стартап» атты бизнес-идеялар конкурсы өтіп жатыр, деп хабарлады 24kz.

  • 8 Маусым 2014
  • 330
Фото - Caravan.kz

Кеше оған қатысушылар бір жобамен келген болатын, ал күннің соңына қарай тұтастай команда жиналды. Демалыс күндері жаңа әріптестер тұжырымдамалары мен бизнес-жоспарларын жасап шықпақ, сондай-ақ олар бизнес және технологиялар саласындағы тәжірибелі сарапшылардың көмегімен өз жобаларының өміршеңдігін crush-тестілерде тексеріп көрмек.

Жоба тақырыбы да сан алуан. Мысалға қатысушылардың бірі — Арсен Құдабаев сүт іркітін шығаруды ұсынды. Ол жергілікті ірімшік өндіруші зауытпен де уағдаласып үлгерген.

«Олар күн сайын 700 мың литрге жуық өте пайдалы өнім — сүт іркітін босқа төгуде. Біз бұл өнімді халыққа сатуды ұсындық. Қазір өнімнің дизайнын, сондай-ақ брендін жасаумен айналысудамыз. Оны ілгері жылжыту стратегиясын да ойластырудамыз. Қазіргі кезде бізге жарнамалық науқан ұйымдастыру үшін қаражат керек», — деді конкурсқа қатысушы Арсен Құдабаев.

Конкурс ұйымдастырушыларының атап өтуінше, қазылар алқасы үш жеңімпазды іріктейді. Оларға ақшалай жүлделер тапсырылады: 1 орынға — 300 мың теңге, екінші орын үшін  — 200 мың және үшінші орынға — 100 мың теңге.


«Бұл шара әсіресе өңір жастары үшін өте пайдалы. Мұндай бизнес-идеялар конкурстары жастар үшін Алматы мен Астанада өткізіліп жүр. Біз енді өзіміздің бизнес-идеялар конкурсымызды бүкіл республика аумағында өткізбекпіз», — дейді «Атамекен Стартап» қоғамдық қорының директоры Нұрлан Тазабеков.