Жапондық ханзада инфекциядан көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жапондық ханзада инфекциядан көз жұмды

Жапондық ханзада инфекциядан көз жұмды

Жапонияда 67 жасқа қараған шағында Император Акихитоның немере інісі ханзада Кацура өмірден озды. Бұл туралы жапондық БАҚ императорлық сарайдың басқармасына сілтеме жасап хабарлады. 

  • 9 Маусым 2014
  • 313
Фото - Caravan.kz


Бүгін таңертең ханзада шұғыл түрде инфекциялық дерттің салдарынан денсаулығының нашарлауына байланысты ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер жергілікті уақыт бойынша сағат 10:55-те оның өлімін белгіледі.

Ханзада Кацура Император Акихитоның ағасы Такахитоның екінші ұлы. Ол императорлық тақ мұрагерлері үміткерлерінің арасында алтыншы болды.

Кацура Токиодағы Гакусюин университетінде құқық факультетін және австралиялық Ұлттық университетті тәмамдаған. Ұзақ жылдар бойы жапондық NHK телерадио корпорациясында әкімшілік қызметті атқарды. 1988 жылы ханзада инсультке шалдығып, осыдан кейін денсаулығы нашарлады. Дегенмен де ол дертіне қарамастан Жапония мен Австралия және Жаңа Зеландия арасындағы екіжақты қатынастарды дамытуда белсенді жұмыстар жүргізген көрінеді.