деп хабарлады РФ қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мен ақпарат басқармасынан.
"Шараға Армения, Белоруссия, Қазақстан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан әскери ведомстволарының жетекшілері, ҰҚКҰ Хатшылығы мен Бірлескен штабының және Ресей СІМ өкілдері қатысады", делінген онда.
Басқарма мәліметтеріне қарағанда, күн тәртібін талқылаған соң ҰҚКҰ елдерінің қорғаныс министрлері Орталық өнеркәсіптік ауданның зымыранға қарсы қорғанысын қамтамасыз етуші мәскеу түбіндегі Софринода Әуе-ғарыштық қорғаныс құрамасында болады.
ҰҚКҰ баспасөз хатшысы Владимир Зайнетдинов "Интерфакске" хабарлағандай, қорғаныс министрлері Кеңесінің отырысына РФ әскери ведомство жетекшісі армия генералы Сергей Шойгу төрағалық етеді.
Оған ҰҚКҰ бас хатшысы Николай Бордюжа қатысады.Ол Ұйым жауапты аумақтағы жағдай туралы баяндама жасап, ҰҚКҰ форматындағы әскери ынтымақтастықтың өзекті мәселелеріне тоқталады.