Девальвациядан кейін бағаны негізсіз көтерген субъектілерге айыппұл салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+36 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Девальвациядан кейін бағаны негізсіз көтерген субъектілерге айыппұл салынды

Девальвациядан кейін бағаны негізсіз көтерген субъектілерге айыппұл салынды

Девальвациядан кейін бағаны негізсіз көтерген азық-түлік нарығындағы субъектілерге 300 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

  • 10 Маусым 2014
  • 415
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының орынбасары Әлиақпар Мәтішев мәлім етті.

«Агенттік 11-ақпаннан бастап бүгінгі күнге дейін (теңге бағамы өзгерген күннен бастап) еліміздің 13 аймағында азық-түлік, дәрі-дәрмек, жанар-жағармай және құрылыс материалдары нарығындағы субъектілерге қатысты 27 тексеру жүргізді», — деді Ә.Мәтішев.

Тексеру нәтижесі бойынша әкімшілік істер қозғалып, 44 субъектіге ескерту жасалды.

«Әкімшілік істер бастапқы инстанцияларда қаралғаннан кейін Алматыдағы «Арзан», «Юбилейный», «Рамстор» супермаркеттеріне; Шығыс Қазақстан облысындағы қант шығаратын «Антоненко И.В» ЖК, «Өскемен-Қант» ЖШС мен «ШұжықУка» ЖШС, «Виктор 17» ЖШС; Алматы облысындағы бау-бақша өнімдерін жеткізетін «GreenHouse-Зеленый Дом» ЖШС; Маңғыстау облысында ұн тасымалдайтын «CaspianMarket» ЖШС мен «Әжібек Е.Т» ЖК 300 млн теңгеден астам айыппұл салынды, деді Ә.Мәтішев.

Сонымен қатар, «Газпромнефть-Қазақстан» ЖШС-не еш негізсіз бензин сатуды шектегені үшін айыппұл төледі.