Қазақстан және Оңтүстік Корея бірқатар келісімдерге қол қояды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+36 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан және Оңтүстік Корея бірқатар келісімдерге қол қояды

Қазақстан және Оңтүстік Корея бірқатар келісімдерге қол қояды

Келесі аптада Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хеннің Астанаға мемлекеттік сапары барысында бірқатар келісімдерге қол қойылмақ.

  • 10 Маусым 2014
  • 1147
Фото - Caravan.kz

"Жалпы алғанда шамамен 17 құжатқа қол қойылмақ. Оның ішінде үш құжатқа мемлекет басшылары қол қояды. Ірілері-Балқаш ЖЭС құрылысы, Атырау облысындағы газ химия кешені, Жамбыл кен орнын игеру", деді сейсенбіде орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волков.

Сонымен қатар, геология мен жер қойнауын пайдалану саласындағы өз ара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға, "Экспортты-несиелеуші сақтандыру корпорациясы "ҚазЭкспортГарант" АҚ мен Korea Trade Insurance Corporation "K-Sure" арасындағы өз ара түсіністік туралы меморандумға; Kaznex Invest пен оңтүстіккореялық Hyundai Engineering, PNP Holdings Co. Ltd компаниялары арасындағы меморандумдарға қол қойылмақ.

А.Волковтың айтуынша, 2013 жылы Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы тауар айналымы 1 млрд доллардан асқан, кореялық инвестициялар 8 млрд долларға жетті.

Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хе Қазақстанға сапары барысында виза режімін алып тастау туралы үкіметаралық келісімге қол қояды.

«Қол қойылатын құжаттар саны шамамен 17. Оның ішінде мемлекет басшыларының қатысуымен қол қойылатын үш құжат бар. Сіздің назарыңызды ерекше аудартқым келетін құжат – Қазақстан үкіметі мен Корея үкіметі арасындағы виза талаптарын өзара алып тастау туралы келісім», — деп ҚР СІМ басшысының орынбасары Алексей Волков бүгін Астанада президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен қысқаша баспасөз мәслихатында атап көрсетті.

Осы құжатқа сәйкес, Қазақстан мен Корея азаматтары жалпы азаматтық төлқұжат иелері визасыз екі елге бір айға кіре алады.

Бұл туризм, медицина, ғылыми технология, студенттік айырбасты дамытуға байланысты, дейді министрдің орынбасары.