Британдық Премьер-Министр «Тақтар ойыны» (Игры престолов) телехикаясының әр сериясын асыға күтетінін мойындады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Британдық Премьер-Министр «Тақтар ойыны» (Игры престолов) телехикаясының әр сериясын асыға күтетінін мойындады

Британдық Премьер-Министр «Тақтар ойыны» (Игры престолов) телехикаясының әр сериясын асыға күтетінін мойындады

Британдық Премьер-Министр Дэвид Кэмерон танымал «Тақтар ойыны» (Игры престолов) атты телехикаяның фанаты екенін мойындады, деп жазады Росбалт.

  • 11 Маусым 2014
  • 530
Фото - Caravan.kz

«Мен бұл телехикаяның Солтүстік Ирландияда түсіріліп жатқандығына өте қуаныштымын және біз төртінші кезеңнің бокс-сетінің шығуын асыға күтудеміз», — деді Кэмерон.

«Тақтар ойыны» телехикаясы жазушы Джордж Мартиннің фэнтези романдарының цикліне негізделген. Қанатқақты эпизодтың таныстырылымы 2010 жылдың сәуірінде НВО-да өтті. Осы күнге дейін көрермен қауымға оның 39 сериясы ұсынылды.

Мамандардың пайымынша, аталған телехикая қазіргі кезде ең сәтті ұйымдастырылған телевизиялық жоба болып табылады.