Маңғыстау облысында кен орнындағы жарылыстан 2 адам ажал құшты - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысында кен орнындағы жарылыстан 2 адам ажал құшты

Маңғыстау облысында кен орнындағы жарылыстан 2 адам ажал құшты

Маңғыстау облысының Қарақия ауданындағы мұнай-газ өндіретін «Өзенмұнайгаз» АҚ басқармасының «Қарамандыбас» кен орнында 10 маусым күні

  • 11 Маусым 2014
  • 358
Фото - Caravan.kz


15.30-да GPS датчигін жанар-жағармай құйылған металл цистернаға (жағармай, сыйымдылығы 10 м3) орнату кезінде газ қоспасы жарылып, оның арты өртке ұласты. Бұл туралы ҚР ТЖМ хабарлады.

«Цистерна жарылды, оның ішіндегі жағармай түгел жанып кетті. Жарылыс салдарынан екі жұмысшы оқиға орнында жан тапсырды. Тағы екеуі түрлі деңгейдегі жарақаттар және күйікпен ауруханаға жатқызылды», — делінген хабарламада.