СҚО-да әкімнің жаңа орынбасары тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО-да әкімнің жаңа орынбасары тағайындалды

СҚО-да әкімнің жаңа орынбасары тағайындалды

11 маусым күні Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жаңа әкімі тағайындалды.

  • 11 Маусым 2014
  • 344
Фото - Caravan.kz

Өңірдің құрылыс, көлік және автокөлік жолдары салаларының дамуын Владимир Бубенко қадағалайтын болады. Бұл қызметке облыс әкімі Ерік Сұлтанов Президент Әкімшілігінің келісімімен Мамлют ауданының бұрынғы басшысы Владимир Бубенконы тағайындады.

«Ол еңбек жолын Калинин атындағы кеңшарда аға диспетчер болып бастаған. СҚО-ның Булаев және Соколов аудандарында түрлі қызметтерді атқарды, Қызылжар, Есіл, Мағжан Жұмабаев аудандарында әкімнің орынбасары, әкім болды. Қазіргі уақытқа дейін Мамлют ауданының әкімі лауазымында жұмыс істеді», — деді СҚО әкімі Ерік Сұлтанов.

Еске сала кетейік, осыған дейін СҚО әкімі орынбасары қызметін Владимир Балахонцев атқарған болатын. Ал 28 мамыр күні қаржы полициясы Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Владимир Балахонцевқа қатысты мемлекетік сатып алу конкурстарын жүргізу кезінде қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген фактілер бойынша қылмыстық іс қозғады.