Қазақстандағы әрбір жетінші жол апаты адам өліміне әкеп соқтырады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы әрбір жетінші жол апаты адам өліміне әкеп соқтырады

Қазақстандағы әрбір жетінші жол апаты адам өліміне әкеп соқтырады

Бас прокуратура елімізде жол апаттарының көбейіп кетуіне байланысты алаңдаушылық білдіріп отыр.

  • 11 Маусым 2014
  • 537
Фото - Caravan.kz

Сейсенбі күні Заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесі отырысында Бас прокурор Асхат Дауылбаев хабарлағандай, 2013 жылы «жол апаттарының саны күрт артып, 65%-ды құраған».

«2012 жылы 14 мың 168 оқиға болса, 2013 жылы жол апаттарының саны 23 мың 359-ға жеткен», — деп атап өтті ол.

Ал, өткен жылы жол апаты кезінде зардап шеккендер саны 60 пайызға өсіп, 33 мыңға жуық адам жол үстінде жарақат алған.


«Жол-көлік апаттарынан қаза тапқандар саны да кемімей, бұрынғыша, жоғары күйінде қалып отыр. мәселен, елімізде болатын әрбір жетінші жол апаты адам өліміне әкеп соқтырады», — деп атап өтті ол.