Прокуратура Алматы метрополитеніне қондырғылар сатып алу барысында бірқатар заң бұзушылықтар анықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Прокуратура Алматы метрополитеніне қондырғылар сатып алу барысында бірқатар заң бұзушылықтар анықтады

Прокуратура Алматы метрополитеніне қондырғылар сатып алу барысында бірқатар заң бұзушылықтар анықтады

Алматы метрополитеніне 420,1 млн теңгеге қондырғы сатып алу жөніндегі конкурс тоқтатылды.

  • 11 Маусым 2014
  • 433
Фото - Caravan.kz

Жетісу көлік прокуратурасының тексерулері барысында белгілі болғандай, 2013 жылы шілде айында EBS блоктарын сатып алуға жарияланған электронды конкурс кезінде «ҚазСталь-Инвест» ЖШС жеңімпаз деп танылған.

Нәтижесінде Алматы Автомобиль жолдары басқармасы, «Метрополитен» МКК мен аталған ЖШС арасында аталған блоктарды 2013 жылдың 1-желтоқсанына дейін жеткізу туралы келісім бекітілген.

«Алайда, электронды конкурс барысында «Метрополитен» әкімшілігі тарапынан «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заң талаптары бұзылғаны анықталды», — делінген хабарламада.

Атап айтсақ, жеткізуші компания белгіленген мерзімде мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарт талаптарын орындамаған, тексерген кезде келісімшарт жүзеге асырылмаған, бекітілген құжаттың өзі заң талаптарына сай емес және байқау комиссиясы құрамына «Метрополитеннің» лауазымды тұлғалары енгізілген.

Осыған байланысты «Метрополитен» МКК жұмыс істейтін үш лауазымды тұлға тәртіптік жауапқа тартылды. «ҚазСталь-Инвест» ЖШС алақол компания болып танылды. Ал, EBS блоктарын жеткізу туралы келісімшарт күшін жойып, мемлекет пайдасына 17,8 млн теңгеден астам қаражат өндіріп алынды.