Онда Луганскідегі бүлікшілер су құбырына жарылғыш затты орнатып, қашықтықтан жарып жібереді. Артынан сепаратистердің бірі Украинаның тіршілік нәрінен қағылатынын айтады. Бұдан бөлек ел шығысында әлі кескілескен ұрыс тоқтаған жоқ. Украинаның жаңадан сайланған президенті елде тұрақтылық орнатамын дегенімен, қарулы қақтығыстар Краматорск, Славянск мен Луганскіде де болып жатыр.