Депутаттар өз ісіне салғырт қараған полицейлерді жазалауды талап етті - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Депутаттар өз ісіне салғырт қараған полицейлерді жазалауды талап етті

Депутаттар өз ісіне салғырт қараған полицейлерді жазалауды талап етті

Депутаттар Ішкі істер министрінен Виктория Ганяның ісіне салғырт қараған сақшыларды жазалауды тапа етті. Мәжілісшілердің айтуынша, жоғалып кеткен қызды іздеу кезінде полицейлер өте нашар жұмыс істеген, тіпті тергеуге кедергі жасаған.

  • 12 Маусым 2014
  • 269
Фото - Caravan.kz

Қостанай облысындағы Рудный қаласында сәуір айының басында жеті жастағы Виктория із-түссіз жоғалып кеткен-ді. Оны іздестіруге сақшылармен қоса 3 мыңға жуық қарапайым тұрғын  жұмылды.  Сөйтіп еріктілер бейнебақылау камерасына түсіп қалған таспаның көмегімен қыздың өлі денесін  ескі құрылыстың арасынан  тапқан еді. Депутаттардың айтуынша, полицейлер шұғыл іздестіру кезінде осы  айғақ заттарды көпшіліктен жасырып, көп уақыт жоғалтып алған. Енді осы салғырттығы үшін барлық тәртіп сақшылары жазалануы керек, — дейді халық қалаулылары. 


Меруерт Қазыбекова, Мәжіліс депутаты:

Қаршадай қыздың өліміне кінәлі адамды анықтап, қанішерді жазалау  құқық қорғаушылардың  арына үлкен сын. Ал  бұл іске жауапсыздықпен қараған Ішкі істер министрлігі қызметкерлерін  қылмыскерге балауға болады.  Өйткені, олар жоғалып кеткен қызды іздеуге ерікті түрде атсалыспақ болған қарапайым тұрғындардың әрекеттерін заңсыз деп жолын байлаған.