Айгүл Үсейінова, Алматы қаласының тұрғыны:
—Есікті біреу ашты да жайбарақат кіріп келді. Сегіз адам келді. Қарасам Елтоков екен. Біз қорқып кеттік. Қызым екеуіміз былай тұрдық. Оны былай лақтырды мені былай лақтырды. Сосын заттарды мына жаққа лақтыра бастады.
Артынша, жиналып, шу шығарған көрші-қолаң сот орындаушыларын тоқтатыпты. Олар да «құзырлы орын қызметкерлерінен таяқ жедік» деп, қалалық ішкі істер департаментіне шағымданған. Ал пәтердің қазіргі ішкі көрінісі осы. Астаң-кестеңі шығып, шашылған заттардан аяқ алып жүрудің өзі қиын. Белгілі болғанындай, пәтерді несиеге алған үй иесінің банкке біраз қарыздары бар екен. Ал банк баспананы тағы екінші адамға сатып жіберген. Енді үш тарап та бір-бірімен соттасып жатыр. Бүгінгі айғайдан соң сот орындаушылары сабасына түсіп, әзірге ешкімді үйден шығармауға уәде берді.