Қабірдегі өлікті қазып алып, етін жеген ағайындылар сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қабірдегі өлікті қазып алып, етін жеген ағайындылар сотталды

Қабірдегі өлікті қазып алып, етін жеген ағайындылар сотталды

Пәкістанда каннибал деп айыпталып, екі ағайынды 12 жылдан бас бостандықтарынан айырылыды, деп жазады rosbalt.ru.

  • 12 Маусым 2014
  • 459
Фото - Caravan.kz

Agence France-Presse хабарлағандай, 2011 жылдың сәуірінде ағайынды екі жігіт қабірден жас баланың мүрдесін қазып алып, кейін оны жеп қойған. Бұл ісі үшін оларды сүйекті қорлады және терроризм жасады деп айыптады. Пәкістан заңында адам етін жеу оқиғасына байланысты қылмыстық бап жоқ болғандықтан, сот екі қылмыскердің қылығын террористік актке теңеді.

Сондай-ақ, бұл Пәкістандағы адам етін жеуге байланысты алғашқы оқиға. Айта кетерлігі, екі жігіт те жүйке ауруларымен ауырады екен.