Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.
21 мамыр 2014 жылы Астана Экономикалық форумы кезінде сапарға аттанған мотошеру мақсаты — Қазақстанның имиджін, "G-global" жобасы мен Астана ЭКСПО-2017 арнайы көрмесін насихаттау.
Мотошеру 39 күнге жоспарланып, Астанаға — шілденің 6-сы — Елорданың туған күні қарсаңында қайтып оралады деп күтілуде. Оған дейін Швейцария, Италия, Румыния, Түркия, Грузия және Ресей аумағындағы 10 мың шақырымдық жол бар.
Мотошерудің негізгі мақсаты — төрткүл әлемге Қазақстанның мәдениеті мен жетістіктерін, «жасыл экономика» ерекшеліктерін, спорт пен туризмнің даму барысын, сонымен қатар, еліміздің назар аударалық тамаша табиғатын, саяхат орындарын насихаттау.