Украина-ЕО келісіміне қашан қол қойылады? - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Украина-ЕО келісіміне қашан қол қойылады?

Украина-ЕО келісіміне қашан қол қойылады?

Еуропалық Одақ өкілдігі Украина мен ЕО қауымдастығы туралы келісімге қол қою шарасының кейінге қалдырылуы ықтимал екендігі туралы ақпаратты жоққа шығаруда.

  • 12 Маусым 2014
  • 514
Фото - Caravan.kz

"Украина-ЕО қауымдастығы туралы келісімге Еуропалық Кеңестің отырысында ЕО пен Грузия және Молдовамен арадағы қауымдастық туралы келісімдермен бірге 27-маусымнан кешіктірілмей қол қойылады", делінген сәрсенбіде кешке Facebook парақшасында берілген ЕО өкілдігінің мәлімдемесінде.

Бұрыннан белгілі, ЕО және Украина қауымдастық туралы келісімге ЕО саммиті аясында Брюсселде 27-маусымда қол қоймақ.

Алдында бірқатар БАҚ ЕО техникалық себептерге орай Украинамен арадағы келісімнің экономикалық бөлігіне қол қоюды кейінге қалдыруды сұрап отыр, деп жазған болатын.