Жинақбанк ҚТЖ жобаларын қаржыландырады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жинақбанк ҚТЖ жобаларын қаржыландырады

Жинақбанк ҚТЖ жобаларын қаржыландырады

Ресейлік Жинақбанк және қазақстандық "Қазақстан темір жолы" (ҚТЖ) ұлттық теміржол компаниясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

  • 12 Маусым 2014
  • 480
Фото - Caravan.kz

Құжатқа Қазақстан президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің бейсенбі күні Бурабайда өткен 27-ші пленарлық мәжілісі аясында қол қойылды.

Меморандумға ҚТЖ президенті – басқарма төрағасы Асқар Мамин, Ресей Жинақбанкісінің президенті, басқарма төрағасы Герман Греф, қазақстандық «еншілесінің» басқарма төрағасы Александр Камалов қол қойды.

"Меморандум мақсаты ,мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жүйесінде қаржыландыруды ұйымдастыру, ҚТЖ компанияларының жобаларына қолдау көрсету және қаржыландыру болып табылады. Бұл жобалар көліктік-логистикалық инфрақұрылым, ішкі және сыртқы терминалдық жүйені дамытуға бағытталған. Бұл жобалардың алдын-ала мөлшерленген құны 3,6 млрд долларды құрайды", — делінген Жинақбанк пен ҚТЖ-ның бірлескен баспасөз хабарламасында.

Меморандумда сондай-ақ Жинақбанктің ҚТЖ-ға транзакциялық бизнес пен саудалық қаржыландыру бойынша да қызмет көрсетуі қарастырылған.