Халықаралық ғарыш стансасының бортында футбол ойналды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халықаралық ғарыш стансасының бортында футбол ойналды

Халықаралық ғарыш стансасының бортында футбол ойналды

ХҒС экипажы футболдан әлем чемпионатының қатысушыларына видеоүндеу жазып жіберген.

  • 12 Маусым 2014
  • 441
Фото - Caravan.kz


Видеоға ғарыш стансасының ішіндегі футбол ойынынан үзінді түсіп қалған, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС. 

Халықаралық ғарыш стансасының экипаж командирі американдық астронавт Стивен Свонсон, астронавт Рид Вайзман мен еуропалық ғарыш агенттігінің астронавты Александр Герст 12 маусым күні Бразилияда басталатын футболдан әлем чемпионатын қызыға бақылайтындарын жеткізді.

Олар арнайы видеоүндеу жазып, онда турнирдің барлық қатысушыларына сәттілік тіледі.

ХҒС экипажының үндеуінде: «Біз барлық командалар мен олардың жанкүйерлеріне Бразилиядағы чемпионат жақсы өтсін деп тілейміз. Мықтылар жеңсін! Сәттілік!», — деп ақ тілектерін білдірді ғарышкерлер.