Семейдегі кәсіпорында болған жойқын жарылысқа қатысты тексеру аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейдегі кәсіпорында болған жойқын жарылысқа қатысты тексеру аяқталды

Семейдегі кәсіпорында болған жойқын жарылысқа қатысты тексеру аяқталды

Семейдегі ұн мен жем шығаратын комбинатта болған жойқын жарылысқа қатысты тексеру жұмыстары аяқталды. Төтенше жағдайлар басқармасы жүргізген шаралардың қорытындысына сүйенсек, кәсіпорын мен мердігер мекеме жұмысқа салғырт қараған.

  • 13 Маусым 2014
  • 186
Фото - Caravan.kz


Естеріңізге салсақ, өткен айда Семейдегі ұн мен жем шығаратын комбинатта жарылыс болып, 8 адам жараланған еді. Бір айдан астам уақыт бойы тексеру жүргізген комиссия екі тараптан да ағаттық кеткенін анықтады. Мәселен, комбинаттың жауапты қызметкері бункерде қауіп барын ескермей дәнекерлеу жұмысына рұқсат берген. Мердігер мекеме өкілдері де оны дұрыс тексермеген. Комбинаттың әлгі жауапты қызметкері сол жарылыстан ауыр жарақат алып, кейін ауруханада көз жұмды. Комиссияның шығарған қорытындысы енді қозғалған қылмыстық іске қосылмақ.