Оңтүстік Қазақстанда жүз шақты отбасы қоқыстың ортасында тұрып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстанда жүз шақты отбасы қоқыстың ортасында тұрып жатыр

Оңтүстік Қазақстанда жүз шақты отбасы қоқыстың ортасында тұрып жатыр

Оңтүстік Қазақстанда жүз шақты отбасы қоқыс алаңында тұрып жатыр. Сарыағаштағы Қапланбек ауылында ашық жатқан 7 гектар түрлі қалдық тастайтын орынға айналып кеткен. Тіпті ол жерде қаңғыбас иттер қаптап, адамдарға қауіп төндіріп тұр. Бұл жерге 20 жылдан астам «Дары Природы» мекемесінің басшысы иелік етіп келген. Бірақ сол азаматтың 7 гектар жердің қожасы екенін растайтын құжаттары болмай шықты. Әбден мезі болған тұрғындар енді қоқыс полигонын жабуды талап етті.

  • 13 Маусым 2014
  • 340
Фото - Caravan.kz

Тау боп үйілген қоқыс пен сасық иіс Сарыағаш ауданындағы жүздеген отбасы үшін үйреншікті орта. Жұрттың бәрі 20 жылдан бері тұрмыстық қалдықтарды осы жерге әкеп төгеді. Ауыл ортасындағы алапат жер қоқыс алаңына айналып кеткен. Қазір қаңғыған ит те, төбелес іздеген жастар да осында. Ал жел тұрған сәтте ауыл тұрғындары мүлдем тыныстаудан қалады. Жергілікті жұрттың шағым айтып хат жазбаған жері, қақпаған есігі қалмапты. Бірақ нәтиже жоқ. Енді осы қоқыстың исінен тұрғындар ауруға шалдығып жатыр.

Анар Палманова, Қапланбек елді мекенінің тұрғыны:

-Міне ана жердегі үйлер бәріміз қасында тұрамыз ғой. Осы мусордың қасында. Аурудың бәрі осыдан шығады. Ауру дегеніңіз әсіресе көктемд,е ол қиямет ауру.

Қапланбек ауылының орталығындағы 7 гектар жерде кеңес заманында мақта зауыты болыпты. 90-шы жылдары зауыт жабылып, ауыл әкімдігі жерді жергілікті кәсіпкерге берген. Ал оны содан бері иеленіп келген «Дары природы» мекемесінің басшысы оны ресми түрде сатып алмаған екен. Яғни қолында қажетті құжаты жоқ.


Асқар Досахаев, Қапланбек елді мекенінің тұрғыны:

-23 жыл өтсе де бұған мемлекеттік акт алмаған. Бірақ жердің бәрін иеленіп отыр. Бұл жерде осы жаңағы зауытта істеген 70 үй бар, әрқайсысының үйінде 3-4 отбасыдан, балалары  үйленіп немерелерімен 15-20 шақты адам бір үйге сыймай отыр. Осы жерден 10 соттық жерден берсе де, ол жерден акиматтан сұрап отыр соны аңсап.

Алайда ел аңсаған учаскені жерсіздерге беруге жергілікті шенділердің шамасы жетпей отыр.

Ермахан Жиенбаев, Қапланбек ауылдық округі әкімінің орынбасары:

-Біз СЭС арқылы бірнеше рет оған ескерту бергенбіз Құлтаевқа. Бірақ, бірнәрсе айтсаң ол өзімізге шабуылға шығады. – Қалай деп? – Сендер жұмыстарың болмасын, жеке территория, өзім білемін деп осы.

Енді бұл мәселені облыс деңгейінде  шешпесе, аудан атқамінерлерінің шамасы жетпейтін сияқты. Ал қоқыс полигонының көлемі күн санап ұлғайып барады.