Қазақстанға шетелдік инвесторлар визасыз қатынайды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанға шетелдік инвесторлар визасыз қатынайды

Қазақстанға шетелдік инвесторлар визасыз қатынайды

Қазақстанға шетелдік инвесторлар визасыз қатынайды және еліміздегі ірі жобаларға қаржы құйған кәсіпкерлер бірқатар салықтан босатылады. Бүгін Бурабайда өткен Шетелдік инвесторлар кеңесінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жатжұрттық кәсіпкерлерге жеңілдік беретін заңға қол қойды.  

  • 13 Маусым 2014
  • 194
Фото - Caravan.kz


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Индустрализация саласындағы инвесторлар табыс  және  жер салығынан 10 жылға, ал мүлік салығынан 8 жылға босатылады. Ал, тапсырысы толық орындалған соң нысанды салуға кеткен шығынның 30 пайызын мемлекет өтейді. Шетелдік кәсіпкерлер инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін ел аумағына өз жұмысшыларын ешқандай рұқсатсыз кіргізе алады.  

Сондай-ақ, Президент  инвесторларды еліміздегі  кәсіпорындарды жекешелендіру науқанына, яғни 700 компанияны сатып алуға  белсенді түрде қатысуға шақырды. АлҮкімет мүшелеріне еліміздегі жоғары оқу орындары мен колледждерді басқаруға шетелдік инвесторларды тартуды тапсырды. Жалпы, БҰҰ зерттеуі бойынша, еліміз инвестиция тарту жағынан үздік 20 мемлекеттің қатарында екен. Алдағы уақытта шетелдік кәсіпкерлердің қазақ жеріне қызығушылығы бұдан да еселене түспек. Өйткені, енді  шекарамыздан он мемлекеттің  кәсіпкерлері  визасыз өте алады. Жыл соңына дейін кәсіпкерлерге жерді жалға беру жүйесі де барынша жеңілдетіледі. Ал келесі жылы әлем миллионерлері Шымкентте кездесетін болды. Бүгін, сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевқа Халықаралық көрмелер бюросының туы салтанатты түрде табыс етілді.