Барымташылармен сыбайлас полицей сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Барымташылармен сыбайлас полицей сотталды

Барымташылармен сыбайлас полицей сотталды

Шымкенттегі Еңбекші аудандық полиция бөлімінің бұрынғы аға лейтенанты 8 жылға бас бостандығынан айрылды, деп хабарлайды 24.kz.

  • 13 Маусым 2014
  • 418
Фото - Caravan.kz

Ювеналды полиция инспекторы мал ұрлығын кәсіп еткен қарақшы топтың белсенді мүшесіне айналған. Ол ұрланған малдарды тексеру бекеттерінен куәлігін пайдалану арқылы кедергісіз өткеріп отырған. Көрсеткен көмегі үшін қомақты үлестен де құр қалмаған.

Бір қылмыскер тергеуге көмектескені үшін сот залынан босатылды. Қалғандары 5 жылдан 9 жылға дейін жаза арқалады. Барымташылар бірнеше айдың ішінде жалпы құны 11 миллионнан астам теңге болатын 60-тан астам жылқыны қолды қылған. Осы қылмыстық топты ұйымдастырған күдікті іздестірілуде.

Жәнібек Сейітжапбаров
, ОҚО Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың төрағасы:

— Барлығының белгіленген міндеттері бар. Сол міндеттерін орындайды. Олар бір-бірін танымаймыз дейді. Ол да мүмкін. Бірақ олар қылмыстық топтың құрамында әрекет жасаған. Өздеріне берілген міндетті орындаған. Оны Сейітов Рахман ұйымдастырған.